КИЕЛІ ҚАРСАҢ отбасымен бірге







Киелі Қарсаң 24 желтоқсанда кешке бірінші «Бетлехем жұлдызы» аспанда жарықтандарылғанда басталады, бұл – Мәсіхтің Туған Күнің (Мәсіх Мәуліт) қарсаңы.

                Барлығы дастарханға жиналады. Отағасы шамды жарықтандырып, айтады:

            ℟: Мәсіхтің Жарығы.

                Барлығы жауап береді:

            ℣: Құдайға алғыс айтамыз.

            ℟: Екі мың жыл бұрын Иса Мәсіх, Құдайдың Ұлы, барлық күткен Құтқарушы, дүниеге келді. Лұқа жазған Киелі Інжіл бұл туралы куәландырады. Біз ата-бабаларымыздың қалай әрекет еткеніне сене отырып, оны тыңдайық:

 

            ІНЖІЛДІ ОҚУ (Лұқ 2:1–14)

            Сол күндері Рим патшасы Аугуст жер жүзінің барлық тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелуге жарлық шығарды. Бұл Сирия өлкесін Кирини басқарған замандағы алғашқы халық санағы болатын. Сонда әркім тізімге тіркелу үшін өзінің атамекеніне барды. Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр әйелі Мәриям оған еріп жүрді. Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп, тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.

            Сол өңірде малшылар жүретін. Олар далада түнеп, малдарын күзетіп жатты. Кенеттен қастарына Тәңірдің Періштесі келіп, төңіректеріне Тәңіріміздің нұрлы салтанаты сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты. Ал Періште оларға тіл қатып: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол – Тәңіріміз Мәсіх! Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», – деді.

            Кенеттен Періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды былай деп дәріптеді: «Заңғар көкте Құдай мадақталсын! Жер жүзінде Өзі риза болған адамдарға тыныштық болсын!».

 

            КӘЛЕНДІ

ДӘУІТ ПАТША ҚАЛАСЫНДА

(Once In Royal David’s City)

IRBY

Сөздер: Cecil Frances Alexander, 1823–1895

Әнсазы: Henry John Gauntlett, 1805–1876

Аударма: белгісіз

Тыңдау: https://youtu.be/TT3cfXd3Shk

 

1.         Дәуіт Патша қаласында

            Тұрды бір мал қорасы.

            Анасы Баласын салды,

            Төсек етіп астауды.

            Ол Ана – Мәриям еді,

            Иса Мәсіх – Баласы.

 

2.         Ол аспаннан келген еді,

            Өзі Құдай, Тәңір де.

            Пана болып мал қора да,

            Бесік болды мал орны.

            Кедей болып жәй ғана,

            Өмір сүрді ғой Иса.

 

3.         Ғажайып балалық шақта,

            Игілікпен бағынды.

            Аялап баққан Әйелді,

            Сүйінішпен қарады.

            Құдайдың бар баласы

            Жақсы болсын дәл сондай.

 

4.         Балалық шағы Оның да

            Біздей өтті күнбе-күн.

            Әлсіз, дәрменсіз бұл бөбек

            Бірде жылап, бір күліп,

            Қайғырсақ Ол да ренжіп,

            Қуансақ Ол қуанды.

 

5.         Оның таза махаббатын

            Көзімізбен көреміз.

            Аспандағы Иеміз де,

            Сол Балаға мейірбан.

            Өзі тұрған жерлерге

            Балаларын жетелер.

 

6.         Енді Ол қорада емес,

            Өгіз тұрған қасында.

            Көреміз Оны Аспанда

            Құдайдың оң жағында.

            Балалары тәж киіп,

            Бәрі жүрер қасында.

 

            Барлығы «Аспандағы Әкеміз» дұғасын айтады:

            Аспандағы Әкеміз,

            Сенің атың қасиеттелсін,

            Патшалығың келсін;

            Сенің еркің аспандағыдай

            жер бетінде де орындалсын.

            Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;

            бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,

            біздің қарызымызды да кешіре гөр;

            азғырылуымызға жол бермей,

            бізді жамандықтан сақтай гөр.

            Аумин.

 

                Отағасы былай дұғасымен бітіреді:

            ℟: Құдайдың ең бағалы сыйы – Иса Мәсіх. Біз Оны сыйға тарттық, Оны өзгелермен бөлісуді қалаймыз. Ол – шынайы мәңгілік өмірді беретін Нан.

            ℣: Аумин.

 

Перевод: М. Пермин




.